Павлодардағы орталық қайтыс болған адамдарды жұмысқа орналастырған

8 Қыркүйек 2022, 19:05
1149
Бөлісу:
Павлодардағы орталық қайтыс болған адамдарды жұмысқа орналастырған

Павлодар қаласындағы жұмыспен қамту орталығына қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде көптеген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар қаласы әкімінің орынбарасы Светлана Гладышева заңбұзушылықтардың болғанын растады. Бұған дейін қызметтік тексеру жүргізілген.

Үстіміздегы жылдың 26 тамызында қызметтік тексеріс аяқталды. Тексеріс анонимді шағым негізінде жүргізілген. Ол расталды. Комиссия мүшелері қайтыс болған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша төрт деректі анықтады. Олардың ішінде екі азамат 2020 жылы көз жұмған. Тағы екі фактіге қатысты тексеру жүріп жатыр. Қорытынды материалдар құзырлы органдарға жолданды. Кейін олқылықтарға жол бергендерге қатысты тиісті шара қолданылады, - дейді Светлана Гладышева. 

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде Павлодар қалалық жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары мен орталық директорына қатысты қатаң сөгіс жарияланды.

Тексерістен соң жұмыспен қамту орталығының директоры орнын босату жөнінде өтініш білдірді. Қыркүйек айында жұмыстан босатылатын болады. Жауапты мамандар осындай жағдай жұмыспен қамту орталығы пайдаланатын ақпараттық бағдарламасының жетілдірілмеуінен де туындауы мүмкін деген пікір білдірді. 

Қазіргі уақытта мемлекеттік мекемедеде күрделі психологиялық жағдай қалыптасқан. Бұған қарамастан, орталықтың жұмысы жалғасын табуда. 

Өзгелердің жаңалығы