Павлодарда жол апатынан бес адам қаза тапты

21 Желтоқсан 2020, 02:51
1570
Бөлісу:
Павлодарда жол апатынан бес адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы 20.12.2020 жылы сағат 13.05 шамасында республикалық маңызы бар «Павлодар – Қызылорда» автожолының 201 шақырымында нашар көріну жағдайында орын алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Subaru Outback», «Lada Granta» және «Тоyоtа Camri»автокөліктерінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында «Lada Granta» автокөлігінің бес адамы, жүргізуші және төрт жолаушы, оның ішінде бір жас бала көз жұмды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қаза болғандардың мән-жайлары мен жеке тұлғалары анықталуда, - деді облыстық полиция департаментінде. 

Ішкі істер министрлігі ауа райы нашарлаған жағдайда жолға шықпауға және ұзақ сапарлардан аулақ болуға, ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды бақылауға кеңес береді.

Полицейлер жүргізушілерді ерекше сақ болуға және қолайсыз ауа райы жағдайында жолға барынша назар аударуды, сондай-ақ дөңгелектерді уақтылы ауыстыра отырып, автокөлікті қысқы кезеңге тиісті дайындауды сұрайды.

Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелерінен 102 нөмірі бойынша көмек сұрай алады.

 

Өзгелердің жаңалығы