Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

20 Шілде 2023, 03:45
627
Бөлісу:
Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті
Фото: архив

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті, зардап шеккен жаяу жүргіншінің оң жақ бұғанасы сынған, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 11:00 Павлодарда Аймауытов - Қамзин көшелер бойымен келе жатқан Toyota Corolla маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен зейнеткер бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтіп бара жатқан.

Жол апаты бойынша тексеру жүргізіледі, сараптама тағайындалды, - деп хабарлады полиция департаменті.

Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі екі минутта жетті. 72 жастағы ер адамды №1 қалалық ауруханаға жеткізді.

Ер адамның көп жарақат алғаны белгілі болды.

Оң жақ бұғана сүйегі сынған, кеуде қуысы жарақаттанған, - деп хабарлады аурухана қызметкерлері.

Қазір науқас тұрақты жағдайда политравма бөлімінде ем алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы