Павлодарда террорист іздестірілуде

2 Қазан 2023, 17:02
701
Бөлісу:
Павлодарда террорист іздестірілуде
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жалған террористке іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 2 қазанда сағат 14.10-да Екібастұз қаласының 102 телефонына мектеп директорынан жарылғыш құрылғы туралы хабарлама келіп түсті. 

"№26 ЖОББМ дәретханасына бомба қойылды" деген хабарлама директордың қалалық телефонына түскен. 

Мекенжай бойынша шұғыл қызметтер дереу жіберілді. Оқу орнының оқушысы мен персоналы эвакуацияланды. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеуде, ғимаратқа және оның айналасына тексеру жүргізілуде. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Осы фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы