Павлодарда отын және көмір қоймалары өртенді

5 Мамыр 2020, 06:20
1176
Бөлісу:
Павлодарда отын және көмір қоймалары өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облыстық ТЖД пультіне сағат 14:47 минутта Абай көшесі, 229/2 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жоғары температураның әсерінен Honda Odyssey автокөлігі нөмірлік белгісінің  жақтауы мен артқы  шамдары жанып кетті. Сондай-ақ  жақын маңдағы Толстой көшесі, 75 үй ауласының іргелес аумағында 2 шаршы метр алаңда көмір қоймасы өртенді, – дейді департаментте.    

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 21 қызметкер мен үш техника  жіберілді. Тілсіз жау сағат 15:18-де сөндірілді.


Өзгелердің жаңалығы