Павлодарда екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

14 Қаңтар 2024, 22:41
90
Бөлісу:
Павлодарда екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Павлодарда екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станцияға баратын көпірде «Mitsubishi» маркалы автокөліктің жүргізушісі «Volvo» маркалы автобусты басып озып, қарсы жолаққа шыққан кезде «Audi» жеңіл көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деді департаментте.

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы