Павлодарда айтыс өтеді

3 Қыркүйек 2023, 23:43
534
Бөлісу:
Павлодарда айтыс өтеді
Фото: baq.kz

Жыр додасы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылады.Бұл туралы айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының Павлодар облыстық филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Ақынның сыйлығынан – сөзі қымбат» атты ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына 12 жас ақын қатысады, – делінген хабарламада.

9 қыркүйек күні өтетін жыр додасына Бексұлтан Қайдар, Гүлшекер Батай, Оразбек Саяхат, Нұрқанат Қайрат, Бөкен Жігер, Ерлан Аманқожа, Нұрбек Бәкір, Қайролла Хафиз, Қазбек Ибархим, Алпысбай Хонж, Нұрсұлтан Рымбай және Мизан Жұмалі қатысады.

Айтыс алдағы сенбі күні сағат 11:00-де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы