Павлодарда әскери қызметші көз жұмды

13 Маусым 2022, 10:20
1258
Бөлісу:
Павлодарда әскери қызметші көз жұмды

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаев қайтыс болды. Бұл ақпаратты Республикалық Ұлттық ұланның баспасөз қызметі  растады.

12 маусым күні сағат 19.15 шамасында Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет еткен әскери қызметші қайтыс болды. Ол көліктің доңғалағын үрлеп жатқанда басына алған ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Өзгелердің жаңалығы