Павлодар – Успен тас жолында автомобиль мен жүк көлігі соқтығысып қалды

10 Қыркүйек 2020, 00:48
1830
Бөлісу:
Павлодар – Успен тас жолында автомобиль мен жүк көлігі соқтығысып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Мойылды ауылының маңында орын алған.

Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі көліктің қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткенін анықтаған. 

Салдарынан жеңіл көлік қарсы бағытта келе жатқан Daf жүк көлігімен соқтығысқан. Жол ережесін бұзған жүргізуші мен оның ұлы түрлі жарақаттар алып, медициналық көмекке жүгінген, - дейді департаментте.
Жүргізуші  әйелге қатысты ҚР ҚӘҚК 610-бабы, 1-бөлігі - «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамның денсаулығына зиян келтіруі, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіруі» бойынша әкімшілік іс қозғалды. 
Өзгелердің жаңалығы