Павлодар облысының тас жолында мал тиеген КамАЗ өртенді

26 Қараша 2022, 00:53
1058
Бөлісу:
Павлодар облысының тас жолында мал тиеген КамАЗ өртенді

Жүк көлігі Ақсу ауылдық аймағына қарасты Еңбек ауылының маңында өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға туралы куәгерлер видео түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

  • Өрт Еңбек ауылының маңындағы Павлодар-Көктөбе тас жолында болды. Еліміздің 13 аймағына тиесілі КамАЗ жүк көлігінің кабинасы мен жартылай ағаш қаптамасы өртеніп кетті. Өрттің жалпы ауданы 6 шаршы метрді құрады, - деді Ақсу ТЖБ инспекторы Сырым Сейітқазы.

Ол сондай-ақ жүк көлігіне тиелген малдардың зардап шекпегенін айтты. Құтқарылған жануарлар Еңбек ауылының шаруа қожалығының базасына жеткізілді.

Ал жүк көлігінің жүргізушісі қолын күйдіріп алған.

Өзгелердің жаңалығы