Павлодар облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты

23 Қаңтар 2023, 11:21
689
Бөлісу:
Павлодар облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты

22 қаңтарда сағат шамамен 18:00-де Павлодар - Қызылорда автожолының 1293-шақырымында ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450  көліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ЖКО салдарынан 25 жастағы ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Тағы төрт адам зардап шекті. Олардың бірі – кәмелетке толмаған адам. Әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 

Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы