Павлодар облысында студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер жәбірленушіні автокөлікпен алып кетіп, оған күш қолданған.

 Polisia.kz Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
374
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында студенттер мен оқушылардан ақша бопсалау фактілерінің жолы кесілді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан «Саналы ұрпақ» жобасы аясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері білім беру ұйымдарындағы бопсалау деректерін анықтады.

Полиция мәліметінше, Павлодар қаласында екі оқушы өз қатарластарынан ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Олар жәбірленушілерден бағалы заттарын ломбардқа өткізіп, түскен қаржыны өздеріне беруді талап еткен. Кей жағдайда қысым көрсету мақсатында әшкерелейтін бейнематериалдар пайдаланылған.

Ал Екібастұз қаласында колледждің кәмелетке толмаған студенті танысымен бірге жергілікті тұрғыннан 50 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер жәбірленушіні автокөлікпен алып кетіп, оған күш қолданған.

Павлодар облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахмановтың айтуынша, аталған екі факт бойынша қылмыстық істер қозғалған.

– Құқық қорғау органдары өзге де ықтимал қатысушыларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сонымен қатар қосымша эпизодтардың бар-жоғы тексерілуде. Күдіктілер ақша беру кезінде ұсталды, – деді ол.

Полиция жастар арасында қылмыстық топтар құру, қылмыстық ықпал орнату және ақша бопсалау әрекеттері заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Наверх