Павлодар облысында Республика күніне орай 300-ге жуық мерекелік шара өтеді

19 Қазан 2022, 17:40
1397
Бөлісу:
Павлодар облысында Республика күніне орай 300-ге жуық мерекелік шара өтеді

Ертіс өңірінде Республика күніне орай 300-ге жуық мерекелік шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Республика күні аясында қала-аудандарда «Менің Отаным - Қазақстан» атты бұқаралық шаралар өтеді. Шараларды өткізудегі мақсат – еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайту, ортақ руханы құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Балтабай Қаппасовтың айтуыша, дәстүрлі мәдени және спорттық шаралармен қатар әлеуметтік бағыттағы шаралар өтеді. 

Мәселен, «Жанашыр жүрек» шарасы «Қамқорлық» айлығы шеңберінде ұйымдастырылады. Бүгінгі күнге дейін 16 мыңнан астам азамат әлеуметтік көмек түрлерімен қамтылды. Демеушілердің есебінен бөлінген 88 млн теңгеге 15 мың тұрғын көмек алды. Негізгі шаралардың бірі - «Тәуелсіздік Ұландары» атты жыл сайынғы үздік оқушыларға арналған сыйлықтарды марапаттау рәсімі. Жыл сайын жүзден астам оқушыға 159 мың теңге көлемінде сыйлық тарту етіледі. Ал шығармашылық, ғылыми және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан жастар үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйақысы қарастырылған. Жастар 10 аталым бойынша марапатталады. Үздіктеріне 500 мың теңгеден үлестірілме», - дейді Балтабай Қаппасов.

Сонымен қатар, «Таза табиғат» марафоны шеңберінде экологиялық акциялар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы