Павлодар облысында неонатальді хирургия қалай дамып жатыр

16 Маусым 2023, 17:00
1113
Бөлісу:
Павлодар облысында неонатальді хирургия қалай дамып жатыр
Фото: автордан

Ертіс өңірінде кемістікпен туған нәрестелердің басым бөлігіне ота жасап, аман алып қалуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін ішек-асқазан, зәр шығару жүйелерінде күрделі ақаулары бар немесе физикалық кемшіліктерімен туған балаларды аман алып қалу қиын болған. Ал қазіргі уақытта ненатальді хирургия саласы қарқынды дамып, инновациялық операциялар жасалады.

Облыстық балалар ауруханасы хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Ерлан Рамазановтың айтуынша, медициналық мекемеде нәрестенің алғашқы сағаттарында хирургиялық әрекет ету жағдайлары жиі кездеседі.

Мәселен, 20 жыл бұрын күрделі патологиямен туған балалардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмайтын. Өлім-жітім көрсеткіші 96%-ды құрайтын. Бүгінде 10%-дан аспайды. Біздің өңір сәбилердің өміршеңдігін сақтау бойынша көшбасшы орында, - дейді Ерлан Рамазанов.

Дәрігер бірнеше күн бұрын жаңа туған қыз балаға жасалған күрделі операцияны мысалға келтірді. Нәрестеге асқазан-ішек жүйесінің туа біткен ақауы диагнозы қойылды. Бүгінде озық технологияларды көмегімен осындау күрделі ақауларды да емдеуге болады. Алдағы уақытта балаға тағы екі ота жасалады. Оның өміріне қауіп жоқ.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта балалар арасында жарақат алу деректері айтарлықтай көбейген. Соңғы уақытта терезеден құлай, күйік шалу, жол апаттарына ұшырау кезіндегі жарақат алу жағдайлары 30%-ға артқан.

Өзгелердің жаңалығы