Павлодар облысында медбикені қорлаған тұрғын қамауға алынды

8 Тамыз 2021, 18:04
1532
Бөлісу:
Павлодар облысында медбикені қорлаған тұрғын қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Бұл туралы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев мәлім етті, деп жазды Pavlodarnews.kz.

34 жастағы ер адам мас күйінде 22 жастағы медбикеге әдепсіз сөздер айтып, тіл тигізген. Медицина қызметкерін қорлай отырып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан, - деді Дәулет Молдабаев. 

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ертіс аудандық соты құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адамды кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ сот Ертіс ауданының тағы бір тұрғынына 5 АЕК айыппұл салды. 44 жастағы ер адам өзінің 58 жастағы жерлесін балағаттаған.

Айта кетейік, жыл басынан бері осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 741 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өзгелердің жаңалығы