Павлодар облысында кәріз құдығында 6 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті

Ақтоғай ауданында 6 жұмысшы кәріз құдығында қаза тапты.

 istockphoto 20 Шілде 2026, 15:11
20 Шілде 2026, 15:11
604
Фото: istockphoto

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында төтенше оқиға орын алып, алты адам қаза тапты. Тағы бір жұмысшы ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Оқиға Жоламан ауылында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған.

Апат салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Ауыр халдегі 1 адам жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

1988 жылы туған пациент орташа дәрежедегі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды. Ол қажетті медициналық көмекті алуда, - деп хабарлады денсаулық басқармасынан. 

Полицияның ресми түсіндірмесі

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы топ жұмыс істеп, қайғылы жағдайдың нақты себептері мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын анықтауда. Тергеу барысы бақылауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда денесінің 95%-ын күйік шалған зауыт жұмысшысы ауруханаға түсті.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

Семейде құрылыс алаңында жұмысшы қолынан айырылды

Ақмолада кәріз құдығында екі жұмысшы уланып, ауруханаға түсті

Наверх