Павлодар облысында екі мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

11 Қараша 2022, 17:44
890
Бөлісу:
Павлодар облысында екі мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Ертіс өңірінде жас буын өкілдерін жұмыспен қамту шаралары тұрақты жүргізіледі. Нәтижесінде, жыл басынан бері екі мыңнан астам қыз-жігіт жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста тұратын жастар саны 130 мыңнан асады. Олардың басым бөлігі, яғни, 87 мыңнан астамы қалаларда тұрады. Аймақта өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды, яғни, 6400 адам. 

Жастар бастамаларын қолдау орталығының директоры Азамат Ауешовтың айтуынша, үстіміздегы жылдың басынан бері жұмыспен қамтуға қатысты үш мыңнан астам кеңес өткізілген. 

Екі қолға бір күрек тапқан екі мыңнан астам жастың 975-сі тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың жартысына жуығы өндірістік ошақта жұмысқа тұрды. Тағы 782 азамат уақытша еңбекпен қамтылды. Облыстың қала-аудандарындағы оқу орындарының жанынан өзекті мамандықтар орталықтары жұмыс істейді. Бұл жерде кеңес беріледі, - дейді Азамат Ауешов. 

Айта кетейік, орта кәсіби білімі бар жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеу.  Әдетте, жалақы көлемі мен жұмыс жағдайы көңілден шықпай жатады. 

Өзгелердің жаңалығы