Павлодар облысында 50 мыңға жуық бала үйірмелерге қатысады

10 Қараша 2022, 12:05
765
Бөлісу:
Павлодар облысында 50 мыңға жуық бала үйірмелерге қатысады
Фото: автордан

Ертіс өңірінде 49 мың оқушы қосымша біліммен қамтылған, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасы мамандарының хабарлауынша, мектеп жанындағы үйірмелерден бөлек спорттың 28 түрі бойынша секциялар жұмыс істейді. Спортпен 51 мың бала шұғылданып жатыр.

Оқушылар үшін мектеп ішіндегі үйрімелер мен секциялар тегін жүргізіледі. Жыл сайын білім нарығында сұранысқа ие бағыттарға басымдық беріліп келеді. Нақтырақ айтқанда, IT, STEM-оқу бағыттары. 2016 жылы жүзеге асырылып келе жатқан «Мектептегі шахмат» жобасы жемісін беріп келеді. Бүгінгі таңда мектептердің жанында 265 кабинет жұмыс істеп тұр. 14 мыңнан астам ұл-қыз патшалар ойынына ден қойған. Ұлттық ойындарды дамытуға да басымдық беріліп отыр. «Асық ойнайық» жобасы бойынша ашылған үйірмелерге төрт мың бала келіп жүр, - дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова.

Оқушылар арасында еріктілер қозғалысын дамыту үшін «Қоғамға қызмет» жобасы  қолға алынған. Бүгінде білім беру ошақтарында 300-ден астам волонтерлік топ бар. 

Айта кетейік, аймақта өткен жылдан бері қосымша білім беру бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Тапсырыс бойынша 15 жекеменшік ұйым мыңнан астам орын ашты. Ал жаңа оқу жылында тағы 2200 орын пайда болады. Балалар ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркемсурет, гуманитарлық бағыттағы үйірмелерга қатысады.

Өзгелердің жаңалығы