Павлодар облысы. ТЖД маңызды мәлімдеме жасады

7 Ақпан 2024, 10:36
394
Бөлісу:
Павлодар облысы. ТЖД маңызды мәлімдеме жасады
Фото: BAQ.KZ - архив

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті маңызды мәлімдеме жасады. Құтқарушылар 8 ақпан күні қала тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кұрметті Павлодар каласының тұрғындары, Павлодар облысынын Төтенше жағдайлар департаменті "Көктем-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде 2024 жылдың 08 ақпанда, сағат 12.55-те электродабыл арқылы дыбыс дабылын беру көмегімен қала тұрғындарының құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізеді.

Бұл дыбысты дабыл тұрғындар үшін «Барлығының Назарына!» дегенді білдіреді. Бұл дабыл түскен уақытта, тұрғындар теле – радио қабылдағыштарын косып ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы сонымен қатар басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет. Облыс тұрғындарынан үрей тудырмай сабырлық сақтауын сұраймыз, - делінген Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы