Павлодар көкөніс қоймаларында 160 мың тоннаға жуық картоп бар

10 Ақпан 2020, 23:38
1406
Бөлісу:
Павлодар көкөніс қоймаларында 160 мың тоннаға жуық картоп бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардың көкөніс дүкендеріндегі картоптың бір келісінің сатылу бағасы 50-60 теңгені құрайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Садыбековтің айтуынша, 2019 жылы аймақ диқандары орташа шығымдылығы 309 центнер болатын 552 мың тонна картоп жинады. Ал 2020 жылы картоп егілетін алаң 1440 гектарға ұлғайтылады. осы бағытта ең алдымен Железин, Ақтоғай, Павлодар аудандарындағы егістік аумақтары мен Екібастұздың ауылдық аймағындағы шаруашылықтарға суландыру жұмыстары жүргізіледі.

134 көкөніс қоймасында қазір 160 мың тоннадан астам картоп бар, көкөніс сақтау қоймаларынан сатудың орташа бағасы - 50-60 теңге. Ол республикадағы ең төменгі деңгейдің бірі. Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде картоптың килограмы 50-55 теңгеден сатылуда. Басқарма басшысының айтуынша, ауылшаруашылық тауар өндірушілері де бұл бағамен қанағаттануда, ал картопты тиісті жағдайда ұстау оларды мамыр айының басына дейін сақтауға мүмкіндік береді.

 Ведомство басшысының айтуынша, алдағы уақытта Павлодар картобы еліміздің оңтүстігіне, Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Сонымен қатар Өзбекстан мен Иранға да экспортталады.

Картопқа қарағанда, қырыққабаттың жарамдылық мерзімі аз. Алайда аймақты көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында қазір қырыққабат егуді бастаған Түркістан облысымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мамандармен жаздың басында жергілікті картоп пен көкөніс піскенше бағаны ұстап тұру үшін біз олармен жеткізу туралы да келісім жасасуды жоспарлап отырмыз, - деді сала басшысы.

Өзгелердің жаңалығы