Партияға күрделі құрылымдық реформа қажет – Саиров

28 Қаңтар 2022, 17:05
1722
Бөлісу:
Партияға күрделі құрылымдық реформа қажет – Саиров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтті. Осыған қатысты депутат Ерлан Саиров өз пікірін білдірді.

Депутат атап өткендей, Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінің шешімі бойынша бірауыздан партия төрағасы болып Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.

Елімізде жан-жақты модернизация қажет. Партияға күрделі құрылымдық реформа қажет, - деді Саиров.

Мәжілісмен Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекет басшысы барлық азаматтың мүддесін қорғауы керек. Сол себепті жақын арада, Президенттің Nur Otan партиясы төрағасы лауазымын тапсыру жөнінде шешім қабылдануы мүмкін» деп айтты деді.

Депутаттың сөзінше, Nur Otan ең зор мемлекетшіл ұйым болуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы