Парламент депутаттарына заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынамыз – заңгер

11 Ақпан 2022, 12:00
1412
Бөлісу:
Парламент депутаттарына заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынамыз – заңгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан журналистерге арналған брифингте айтты. 

Жұмысымызды жүйелеп, орталық Бас прокуратура органдары, Президент әкімшілігі арқылы жұмыс істеуге көшуге қажет деп есептейміз. Өз жұмысымызды атқарған кезде  қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер қажет ететінін де түсіндік. Сол себепті алдағы аптада Парламент депутаттарымен де кездесуді жоспарлап отырмыз. Яғни, біз жекелеген адамдардың бас шарасын өзгерту жұмыстарынан жүйелі жұмыстарға көшуге ыңғайланып отырмыз, - деді Құспан. 

Адвокаттың айтуынша, заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты Мемлекеттік хатшыға жеткізген. 

Ерлан Қарин өз тарапынан қарастырып жатыр. Бұл жұмысты Парламент депутаттарымен талқылауға ұсынды. Алдағы аптада осы жұмыстарды атқармақпыз. Комиссияның жұмысы мұнымен аяқталды дегенді білдірмейді. Әлі де атқаратын жұмыс көп. Көптеген сараптамалық материал дайындадық. Бас прокуратура мен Президент әкімшілігіне жолдадық. Бұл жұмыс жалғасын табады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы