Париж Олимпиадасында тағы масқара боламыз – Спорт сарапшылары

8 Тамыз 2023, 08:48
5672
Бөлісу:
Париж Олимпиадасында тағы масқара боламыз – Спорт сарапшылары
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Париж Олимпиадасында алтынсыз қалуымыз мүмкін. Мұндай пікірді Ol-jas подкастының қонағы болған спорт журналисі Аслан Қаженов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аслан Қаженов 2021 жылы Токио Олимпиадасы басталмай тұрып, спортшылардың дайындығы туралы бастама көтергенін айтады. Алайда, жауапты мекемелерден жөнді жауап ала алмаған. Оның сөзінше, ең сорақысы, бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып отыр. Халық спортшылардың жайынан бастап, жалпы дайындыққа қанша қаржы бөлінетініне дейін бейхабар. Ол алдағы 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасында да масқара болатынымыз айдан анық дейді. Өйткені осы уақытқа дейін жүйелі өзгеріс бола қойған жоқ.

Сарапшы Бек Төлеуовтің пікірінше, өзіміздің қолымыздан келетін спорт түріне көңіл бөлуіміз керек. Мәселен, бокстан салмақ азайып бара жатыр. Қазіргі таңда 7-ақ салмақ бар. Күрестен де 6 салмақ ғана бар. Яғни алда спорттың басқа да түрлерін дамыту міндеті тұр.

Сондай-ақ Төлеуов ел футболындағы соңғы өзгерістерге қатысты және Париждегі жазғы Олимпиадаға қатысты болжамын айтты.

Әңгіме барысында Қазақстан құрамасы 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына дайын ба? Министрлік тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Ұлттық құрама сапы қаншалықты өзгереді? Токио Олимпиадасынан сабақ алдық па? Қаракөздеріміз неге қысқы спортта дискриминацияға ұшырап жүр? Елдің футбол әлеміндегі өзгерістері және тағы басқа өзекті сұрақтар талқыланды.

Бұған дейін біз Ol - jas подкастында диетолог Арай Әміре мен эндокринолог Махаббат Ибрагим қонақ болды. Мамандар «тәтті есірткінің» қаупі туралы айтып, арықтаймын деген адамға бірнеше қағида ұсынды.

Сондай-ақ заң мәселесі жөнінде, оның ішінде қазақша жазылған заңдардың қатесі туралы спикер Сағидолла Баймұратпен сұхбаттасқан едік.

Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.

Өзгелердің жаңалығы