Пандемия қазақстандық экспортқа ғана емес, оның географиясына да әсерін тигізді

10 Маусым 2021, 17:09
1388
Бөлісу:
Пандемия қазақстандық экспортқа ғана емес, оның географиясына да әсерін тигізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында айтты.

COVID-19 экономикалық және әлеуметтік салдары Қазақстанды да айналып өтпеді. Кризис көрсеткіштерге ғана емес, қазақстандық экспорттың географиясына әсерін тигізді. Өткен жылы Қазақстан өнімін экспорттап отырған елдер тізімі 190-нан 119-ға қысқарды. Экспортталатын тауарлар позициясы алтыға азайды, - деді ол.

Оның айтуынша, оған өзіндік құнның қосылуы, экономикалық алпауыт елдердің арасындағы санкциялар, сауда әріптестерінің арасындағы карантиндік шектеулер әсер еткен. 

Сонымен қатар Камерун, Судан, Сальвадор және Никарагуа сияқты жаңа нарықтар ашылды. Карантиндік шектеулердің ауыл шаруашылығы саласындағы саудаға қатты әсері тимеді. Елдердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жаппай сатып алуы қазақстандық қайта өңделген өнімдер экспортын 18%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Шектеу шаралары азық-түлік емес тауарларға сұранысты 20 пайызға төмендетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы