Палатаның алдағы отырысының күн тәртібі бекітілді

13 Маусым 2022, 12:32
1210
Бөлісу:
Палатаның алдағы отырысының күн тәртібі бекітілді

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда Палатаның алдағы отырысының күн тәртібі бекітілді.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар 16 маусымда, бейсенбі күні Сенат отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдайтын болды.

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын екінші оқылымда қарайды. Құжатта электр станцияларында газ қондырғыларын салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық база жасау көзделіп отыр.

Бюро мүшелері Мәжіліс бұрын мақұлдаған заң жобалары бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.

Өзгелердің жаңалығы