Ұшақ апаты. Пәкістан президенті қазақ халқына көңіл айтты

28 Желтоқсан 2019, 09:02
4732
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Пәкістан президенті қазақ халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан президенті Ариф Алви, премьер-министрі Имран Хан және сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты қазақ халқына көңіл айтты.

Бұл туралы Пәкістан сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Президент, премьер-министр және сыртқы істер министрі Алматы маңында 12 адам мерт болған және 40-тан астам адам зардап шеккен ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Көңіл айту хабарламасында Пәкістан президенті пен премьер-министрі Қазақстан халқы мен үкіметіне өздерінің орны толмас қайғыға ортақтасатындығын жеткізген. Апаттан зардап шеккендер мен жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестіктерін білдірген.

Бұған дейін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдерінің басшылары қайғыға ортақтасып көңіл айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы