Лас-Вегаста бокстан титулды жекпе-жек өтті

22 Тамыз 2021, 15:34
1219
Бөлісу:
Лас-Вегаста бокстан титулды жекпе-жек өтті

Алматы, BAQ.KZ. Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) мен кубалық Йорденис Угаспен (26-4, 12 КО) кездесті, деп жазды Prosports.kz.

Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылды. 42 жастағы филиппиндік өзінен бес жас кіші Угастан төрешілер шешімімен жеңілді. Қапталдағы қазылардың үшеуі де кубалық жеңіске жетті деген қорытынды шығарды.

Йорденис мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBA Super чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Пакьяо болса сегізінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетейік, бұған дейін Пакьяо рингке соңғы рет 2019 жылдың шілде айында шыққан еді.

Өзгелердің жаңалығы