Пәк қыздар тізімі: Денсаулық министрі мәселеге қатысты пікір білдірді

15 Ақпан 2024, 11:23
2391
Бөлісу:
Пәк қыздар тізімі: Денсаулық министрі мәселеге қатысты пікір білдірді
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Алматыдағы ҚазҰУ-де пәк қыздардың жеке дерегінің тарап кету мәселесіне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Медициналық қызмет көрсету үшін келісімшарт жасасқан жеке медициналық кәсіпорын. Бізде өз тарапымыздан жұмыс тобын құрып, анализ жүргіземіз. Әрине мұндай жеке тұлғалардың денсаулығына қатысты ақпараттарды жинаудың не үшін қажет болғанын білмеймін. Себебі қазір әрбір адамның жеке денсаулық паспортын егов арқылы көріп, танысуға болады. Тергеу барысында бұл анықталады деп ойлаймын, - деді министр.

Осыған дейін Алматыдағы ҚазҰУ-де пәк қыздардың жеке дерегін кім таратқаны белгілі болғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы