Өзін риэлтор ретінде таныстырған алаяқ 23 жастағы қыздың ақшасын иемденген

22 Қаңтар 2022, 19:35
1609
Бөлісу:
Өзін риэлтор ретінде таныстырған алаяқ 23 жастағы қыздың ақшасын иемденген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Полицияға жас қыз белгісіз ер адам оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені туралы өтінішпен жүгінген. 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында өзін риэлторлық компанияның қызметкері ретінде таныстырған қаскүнем қыздан ақша алып, пәтер табуға уәде бергені анықталды. Күдікті өз уәделерін орындамастан, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап жіберген, - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

 

Өзгелердің жаңалығы