"Өзімізден аз шығады". Үкімет басшысы импорт өсіп бара жатқанын айтты

28 Мамыр 2024, 11:29
3129
Бөлісу:
"Өзімізден аз шығады". Үкімет басшысы импорт өсіп бара жатқанын айтты
Фото: pixabay.com/ru

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде азық-түлік тауаларына деген импорт өсіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр импорт көлемін азайту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырма берді.

Тамақ өнеркәсібі бойынша сүт өнімдерімен бірге қант, шұжық, макарон, жарма өнімдерінің, жеміс-жидек консервілерінің импорты өсіп барады. Бұған өзімізде шығарылатын тамақ өнімдерінің жеткіліксіз болуы және отандық кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алмауы әсер етіп отыр. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030-шы жылға дейінгі тұжырымдамасында шығыстарды субсидиялау, шикізат базасын дамыту, салық преференциялары және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көзделген, - деді Бектенов үкімет отырысында.

Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Бектенов өндірісті жаңғыртудың маңызды жайлы айтты.

Өзгелердің жаңалығы