Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндері аяқталды

24 Маусым 2023, 20:53
728
Бөлісу:
Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндері аяқталды
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндері Ташкенттің бас театрында «Абай» операсының көрсетілімімен салтанатты түрде аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов телеграмм арнасында айтты.

Әлішер Науаи атындағы Үлкен театр сахнасында атақты қойылыммен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өнер көрсетті. Мен бұл мәдени іс-шараны ашу құрметіне ие болдым. Қойылым 20 маусымда басталған бірқатар іс-шаралардың қорытындысы болды. Қойылым басталар алдында мен залда жиналған көрермендерді құттықтап, Қазақстанның мәдениет күндерін ұйымдастыруға көмектескені үшін бауырлас елге алғысымды білдірдім, – деп жазады министр.

Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндері аяқталды

Ораловтың айтуынша, Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндерінің төрт күндік бағдарламасы өте қарқынды болды.

Мәселен, 20 маусымда Ташкенттегі «Туркистон» өнер сарайында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ артистерінің гала-концерті өтті. Сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова мен Әлішер Кәрімов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдүкенова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық, Gulder ансамблі мен Turan этно-фольклорлық ансамблінің артистері шықты, – деді ол.

Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндері аяқталды
Өзгелердің жаңалығы