Өзбекстанда туристерге жеке оққағар қызметі ұсынылады

Өзбекстанда туристерге оққағар қызметін ұсыну жоспарлануда.

14 Қыркүйек 2026, 14:38
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 14 Қыркүйек 2026, 14:38
14 Қыркүйек 2026, 14:38
143
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Өзбекстанның ІІМ жанындағы Күзет департаменті мұндай қызметті туристердің, ресми делегациялар мен бизнес өкілдерінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізуді ұсынды. Сондай-ақ бейнебақылау жүйелері мен жедел әрекет ету топтарын қолдану аясын кеңейту, туристік бағыттардағы қауіп-қатерлерге талдау жасау және нысандардың күзетін күшейту жоспарланып отыр.

Ташкент қалалық Күзет қызметінде ІІМ Күзет департаментінің бастығы мен Өзбекстан Туризм комитеті төрағасының орынбасары кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуде шетелдік және жергілікті туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ олар үшін қауіпсіз және жайлы туристік орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Туризмнің қарқынды дамуы, шетелдік қонақтар санының артуы және туристік бағыттардың кеңеюі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талап ететіні атап өтілді.

Осыған байланысты Күзет департаменті жаңа қызмет түрлерін ұсынды. Атап айтқанда, шетелдік туристердің, ресми делегациялардың, бизнес өкілдерінің және елдің басқа да қонақтарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оққағар қызметін пайдалану мәселесі талқыланды.

Бұл қызмет сапар кезінде адамның қауіпсіздігіне кепілдік беріп, ықтимал қауіп-қатерлерді алдын ала бағалауға, бағыт бойынша қажетті қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік беретіні аталып өтті.

Сондай-ақ тараптар туристік нысандарда техникалық күзет құралдарын, заманауи бейнебақылау жүйелері мен жедел әрекет ету топтарын кеңінен қолдану мәселелерін пысықтады.

Сонымен қатар туристік бағыттар бойынша қауіп-қатерлерге талдау жасау, туристік нысандар мен инфрақұрылымды зерделеу, қажет болған жағдайда күзетті күшейту, сондай-ақ жедел байланыс пен әрекет ету тетіктерін жолға қою ұсынылуда.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан 2030 жылға қарай электротехника өндірісін 11 миллиард долларға дейін арттыратынын хабарлады

Тағы оқи отырыңыз: 

Өзбекстан құны 8 миллиард доллардан асатын мемлекеттік активтерді сатылымға шығарады

Наверх