Өзбекстанда Олимпиада жеңімпаздарына қандай көлік берілетіні белгілі болды

9 Тамыз 2021, 21:03
9476
Бөлісу:
Өзбекстанда Олимпиада жеңімпаздарына қандай көлік берілетіні белгілі болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне дайындық жүріп жатыр. UzNews өзбек спортшыларына қандай көлік сыйға берілетінін анықтапты. 

Басылым мәліметінше, 2020 жылғы Олимпиада чемпиондарына Chevrolet Tahoe көліктері, ал қола жүлдеге ие болғандарға Trailblazer көлігі дайындалған.

Президент қаулысына сәйкес Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйақы алады:
  • алтын медаль үшін 200 мың доллар;
  • күміс үшін 100 мың доллар;
  • қола үшін 50 мың доллар.


Токио Олимпиадасында Өзбекстан үш алтын және екі қола медалін жеңіп алып, медальдар есебінде 32-орынға тұрақтады. Қазақстан 8 қола медаль алып, медальдар есебінде 83-орында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға Toyota Camry жаңа көлігі берілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ автокөлік Елдос Сметовқа да сыйға тартылды.

Өзгелердің жаңалығы