Қазақстанда еңбек демалысының тәртібі Еңбек кодексі арқылы реттеледі. Бұл мақалада BAQ.KZ тілшісі жұмысшылардың құқықтары мен демалыс түрлері туралы негізгі ақпаратты жинады.
Өздеріңіз білетіндей, еңбек демалысының төлемі демалыс басталғанға дейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.
Еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.
Қазақстанда еңбек демалысының қандай түрі бар?
Жұмысшыларға демалыстың мынадай түрлері беріледі:
- төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы;
- әлеуметтік демалыс.
Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыскердің демалу, еңбекке қабілеттілігін бұрынғы қалпына келтіру, денсаулығын әрі жеке қажеттіліктерін қамалу үшін көзделген әрі айқын күнтізбелік күндеріне жұмыс орынның (мамандығының) сақаталуымен әрі орташа айлық төлемімен беріледі.
Елімізде жұмыс істейтін адамдарға негізгі төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы мен қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Еңбек демалысының ұзақтығы:
- Негізгі демалыс – кемінде 24 күнтізбелік күн.
- Қосымша демалыстар (зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер, ауыр жұмыстар, солтүстік аймақтардағы жұмысшылар үшін) – 6-12 күнге дейін.
Еңбек демалысын қашан алуға болады:
- Демалыс жұмыс берушімен келісімді жоспар бойынша беріледі.
- Бірінші жылда 6 ай жұмыс істегеннен кейін алынады.
- Жұмысшы демалысты бөліп алуға құқылы, бірақ негізгі бөлігі 14 күннен кем емес болуы тиіс.
Демалыс ақысы қалай есептеледі?
- Орташа жалақы соңғы 12 айға негізделеді. Біріншіден, орташа күндік (немесе сағаттық) жалақы есептеледі: бұл үшін есептік кезеңдегі жалақы мөлшері осы кезеңдегі жұмыс күндерінің (немесе сағаттарының) санына бөлінеді.
Есептеу мерзімі демалыс басталғанға дейін 12 ай. Егер қызметкер бір жылдан аз жұмыс істеген болса, онда нақты жұмыс істеген уақыты есепке алынады. Демалыс күнтізбелік күндерде беріледі, бірақ демалыс кезеңіне жататын жұмыс күндері (немесе сағаттары) ғана төленеді.
- Егер демалыс толық пайдаланылмаса, қалған күндері үшін өтемақы төленеді.
Қандай әлеуметтік демалыс алуға болады:
- жалақысы сақталмайтын демалыс;
- оқу демалысы;
- баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты демалыс;
- баланың үш жасына келгеніне дейін жалақысы сақталмайтын демалыс;
- бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын көлемде скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс;
- кемінде үш жұмыс күні көлемінде он екі аптаға дейін жүктілігі бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс.
Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, скринингтік зерттеулерден өтуге, балалар күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату деп түсіндіріледі.
Еңбек демалысы жұмыс берушінің актімен рәсімделеді.
Жалақысы сақталмайтын демалыстар:
Еңбек шартының екі тарапының келісімі бойынша жұмысшыға оның өтініші бойынша төлемақысыз еңбек демалысы берілуі мүмкін.
Төлемақысыз еңбек демалысының ұзақтығы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша орнатылады.
Жұмысшының ескертуі бойынша жұмыс беруші төлемақысы сақталмайтын күнтізбелік 5 күнге дейін еңбек демалысын келесі жағдайлары бойынша беру қажет:
- неке қию;
- баланың тууы;
- жақын туыстары, сондай-ақ зайыбы (жұбайы) және (немесе) олардың жекжаттары (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (қарындастар), ата-аналары (ата-анасы), балалары, атасы, әжесі, немерелері) қайтыс болғанда;
- еңбек әрі ұжым шартымен көзделген басқа жағдайларда.
Қандай жағдайларда демалыс берілмейді?
- Тәжірибеден өтпеген жұмысшыларға (6 ай толмағанда);
- Егер жұмыс беруші демалысты кейінге қалдыруға құқылы болса (мысалы, өндірістік қажеттіліктерге байланысты).
Қазақстандағы еңбек демалысының ережелері жұмысшылардың денсаулығын және құқықтарын қорғайды. Егер сізге демалыс берілмесе немесе ақысы дұрыс төленбесе, Еңбек инспекциясына шағымдануға құқылысыз.
Бұған дейін Қазақстанда мұғалімдердің еңбек демалысы қанша күн және қалай төленетіні туралы жазған едік.