«Отпантаудан-Ұлытауға» суретшілер экспедициясы ұйымдастырылды

23 Қазан 2023, 11:32
515
Бөлісу:
«Отпантаудан-Ұлытауға» суретшілер экспедициясы ұйымдастырылды

2023 жылдың маусым айында Ақтау қаласында аймақтағы дарынды суретшілерді анықтау, іріктеу жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың мамыр-шілде айында «Ақтау қалалық суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік гранты аясында Маңғыстау суретшілерінің біліктіліктерін арттыруды жүзеге асыру арқылы «Отпантаудан-Ұлытауға» суретшілер экспедициясы ұйымдастырылды.

«Отпантаудан-Ұлытауға» суретшілер экспедициясы ұйымдастырылды

Армысыз, өнер сүйер қауым. Шілде айының үш аптасында Қазақстанның үш облысын аралап шыққан едік. Көп журналистер «Мақсатыңыз қандай, не істеп жүрсіздер?» деп сұрап жатады. Суретші болғандықтан әртүрлі идеялар келеді. Өзіміз табиғатты жақсы көретін болғандықтан, төрт көлікпен, он шақты адаммен әр өңірді аралап шықтық. Шілденің шіліңгір ыстығы. Небір әдемі жерлерді, музейлерді көрдік. Қысқаша айтар болсам, өз еліміздің табиғатын, музейлерін, қазақ жерінде өмір сүрген тұлғаларды насихаттау үшін жолға шыққанбыз. Қасымызда Жәнібек Сүйінбеков атты қырғыз елінің жас суретшісі де болды. Ең кіші суретшілеріміз үш студент қыз еді. Олар да риза. Алдағы уақытта әр барған өлкемізде осындай плэнер ұйымдастырып, этюдтр жазып, басқа да мемлекеттерді аралау жоспарымызда бар. Қолдау көрсеткені үшін Маңғыстау облысы әкіміне алғысымызды білдіреміз, - деді маңғыстаулық суретші Аймұрат Таңатов.

«Отпантаудан-Ұлытауға» суретшілер экспедициясы ұйымдастырылды

2023 жылдың шілде айында өңір суретшілерінің қатысуымен елімізде 4 облысының (Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан) киелі жерлеріне экспедиция және кәсіпқой суретшілерінің қатысуымен шеберлік сағаттары өтті. Отпантау-Сарайшық-Бөкей ордасы-Қорқыт ата-Қожа Ахмет Яссауи-Жәдігерлер кешені бағыты бойынша экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция аясында аймақ суретшілері Маңғыстау облысынан бастап Ұлытауға дейін жол жүріп, аталған киелі жерлерде пленэр ұйымдастырды.

Мақсаты - аталған өнер туындыларын кең көлемде насихаттау мақсатында «Отпантаудан - Ұлытауға» суретшілер экспедициясынан жиналған материалдарды қорытындылап, Астана қаласындағы «Күзгі вернисаж» өңір суретшілері жұмыстарының көрмесін ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы