Өткен жылы елде қанша электр энергиясы өндірілгені белгілі болды

14 Ақпан 2022, 13:05
2014
Бөлісу:
Өткен жылы елде қанша электр энергиясы өндірілгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Сондай-ақ ол электр энергиясын өндіру бойынша былтырғы жылдың нәтижесіне тоқталды. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 114,4 млрд кВт/сағат немесе 2020 жылдың көлеміне 105,89%-ды құрады. Аталған жылы ол көрсеткіш 108 млрд кВт/сағатқа тең болған, - деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы өндіру құрылымындағы отын түрлерінің генерациялайтын көздерінің үлесін алға тартты. 

2021 жылғы нәтиже бойынша өндіру құрылымындағы отын түрлері бойынша генерациялайтын көздердің үлесі мынадай:

Көмірде - 69%, газбен – 20,0%, гидроэлектр станциялары (шағын ГЭС-сіз) – 7,4%, ЖЭК – 3,6%-ды көрсетті, - деп атап өтті Болат Ақшолақов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі күрт артқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы