Былтыр елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі күрт артқан

14 Ақпан 2022, 12:46
1534
Бөлісу:
Былтыр елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі күрт артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде әртүрлі меншік нысандағы 214 электр станциясы энергия өндіреді. 

 Электр станцияларының қолда бар қуаты 20,1 ГВт-қа тең. Бұл ретте, 11 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс қуаты шамамен 15 ГВт құрайды. Қолда бар және жұмыс қуаты арасындағы айырмашылық елдің моральдық тұрғыдан ескірген энергия көздеріндегі жоспарлы және авариялық жөндеу жұмыстарына және теңгерімге ЖЭК объектілерінің қатыспауына байланысты, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол былтыр электр энергиясын тұтынудың көлемі артқанын алға тартты. 

2021 жылы электр энергиясын тұтынудың күрт өсуі байқалды. Ол 113,89 млрд кВт/сағатты құрады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 6,1%-ға жоғары, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы