Өткен тәулікте шетелден 3 мыңнан аса жолаушы келген

3 Маусым 2021, 12:11
1303
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 3 мыңнан аса жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 маусымда ел аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Оңтүстік Корея, Латвия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 665 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 968 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 613 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 446 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 245 жолаушы,

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 188 жолаушы,

 Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 135 жолаушы,

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 70 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Өзгелердің жаңалығы