Өткен тәулікте шетелден 3 672 жолаушы келген

22 Мамыр 2021, 13:19
1381
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 3 672 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мажарстан, Түркменстан, Түркия, Грузия, Қытай, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 672 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 098 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 145 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 156 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 124 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Өзгелердің жаңалығы