Абаев отандық сериал индустриясындағы жоспармен бөлісті

11 Қыркүйек 2019, 12:05
2480
Бөлісу:
Абаев отандық сериал индустриясындағы жоспармен бөлісті
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық сериалдар еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне өзінше үлес қосады. Бұл туралы Astana Media Week алаңында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Медиа саласының өкілдері мұны жақсы біледі. Дегенмен, атап өтейін, телесериалдар мемлекеттік бюджет есебінен түсіріледі. 2016 жылы мемлекеттік тапсырыспен 16 сериал түсірілді, ал биыл оның саны айтарлықтай өсті. Мысалға, биыл эфирге 43 телесериал шығады, яғни үш есе артты. Бірақ біз тек мемлекеттік емес, жекеменшік телеарналарға да назар аударамыз», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, коммерциялық телеарналар мемлекеттік тапсырыспен 47 сериал түсірген.

«Сериалдардың санына ғана емес, сапасына мән береміз. Бірақ сан бар жерде, творчестволық конкуренция болады. Солай сериалдар индустриясын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Бұрын біз отандық сериалдардың аздығын айтатынбыз. Ал қазір сериалдарымызды сыртқы нарыққа сата бастадық. Мысалға, көрші мемлекеттерге 15 отандық сериалдың лицензиясы сатылды. Біз осы жұмысты жалғастырамыз», - деді ведомство басшысы.

Қазір Astana Media Week форумының алғашқы күні өтіп жатыр. Ләззат Танысбай режиссер Ақан Сатаевты сериал түсіруге «күштеп көндіргенін» айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы