Отандасымыз Жапониядағы брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды

25 Ақпан 2023, 17:05
1298
Бөлісу:
Отандасымыз Жапониядағы брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: МСМ баспасөз қызметі

Отандасымыз Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Алтын медаль үшін күресте қазақстандық биші АҚШ пен күншығыс елінен келген қарсыластарынан озық шықты, деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында.

Жарысқа әлемнің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысты, оның 99 жігіт және 81 қыз.

Осы ретте, Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канададалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizard басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сондай-ақ біздің брейкдансер былтырғы әлем чемпионатының финалисті жапондық Shigekix-ті жеңді.

Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және барлық қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сондай-ақ чемпионымызға қарқынын үдетпей 2024 жылғы Олипиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін, - деп жазды Мәдениет министрі Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, брейксданс 2024 жылғы Олимпиадада ресми дисциплинаның бірі болады.

Өзгелердің жаңалығы