Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

9 Мамыр 2022, 14:01
10503
Бөлісу:
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы Біржан сал ауданына қарасты Қоғам ауылында Ұлы жеңіске үлес қосқандарға арналған мемориалдық тақта ашылды.

Биыл еліміз Жеңістің 77 жылдығын мерекелеп жатыр. 9 мамыр Жеңіс күні Қоғам ауылында Ұлы отан соғысының ардагерлері,қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне арналған естелік тақтасы ашылды.

От ортасынан ормалмағандар

Мемориалдық тақтада 203 адамның тізімі жарияланған. Оның 101-і соғысқа қатысқандар мен ардагерлер болса, 102-сі тыл ардагерлері.

Ескерткіш тақтаны ауыл азаматтары  батырлардың ерлігі мен есімін ұмытпау үшін өз қаражаттары есебінен ашып отыр.

Ескерткіш орнатылған саябақтың қақпасын ауылдың ақсақалы Уәли Зейнуллин ашты.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Бұл ескерткішті ашуға атсалысқан әрбір азаматтың отбасына бақыт, береке тілеймін. Жеңіс күні ашылып жатқан ескерткіш тақтаның ұрпаққа берер аманаты ұзағынан болсын,- деді ол.

Мемориалдық тақтаны ашпай тұрып Ұлы Отан соғысында шейіт болғандарға құран бағышталды.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Кәрібай Шәймерденов  ел тыныштығын қорғаған азаматтардың рухына арнап ескерткіш орнатудың өзі бірліктің арқасында екенін жеткізді.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Осындай бейбітшілік орнаған көк аспанның  астында тұруымыз соғысқа қатысқан аталарымыздың көз жасымен, өмірімен келгенін бағалауымыз керек. Әрине, олардың еңбегін елеп, есімін мәңгі есте сақтау үшін ескерткіш тақтаның ашылуы да  ынтымақ пен бірліктің арқасы,- деді ол.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

 

Ауыл азаматтарының бірлігі

Ескерткіштің ашылуына ардагерлердің ұрпақтары мен ауыл ақсақалдары, билік өкілдері қатысты.

Білім беру саласында көп жыл еңбек еткен ардагер ұстаз Ақан Жұмағұлов ата-бабаларымыз ел мен жердің тыныштығы, бейбіт өмір үшін от ортасына аттанғандарын еске салды.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Бір кішкентай ауылдың өзінен майданға қанша азамат аттанғанын көріп отырсыздар. Бұл тақтаға қарасаңыздар, бір үйден соғысқа 2-3 адамнан аттанған. Қалғандары әйел мен балалар тылда еңбек еткен. Соғысқа қатысқандардың ішінде елдің топырағы бұйырғындар, із-түзсіз кеткендер бар. Аталарымыздың рухын құрметтеп ескерткіш тақта орнату жұмысының  басында жүрген азаматтарға алғыс айтқым келеді. Мереке құтты болсын. Болашақта соғыстың ауыртпалығын көрмей, балапандардың шат күлкісі тыйылмасын,- деді Ақан Жұмағұлов.

Ауылдық округ әкімі Жанат Көшкімбаев барлығының үйінен бір адам болсын соғысқа аттанды.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Менің әкем - Ұлы отан соғысының ардагері. Президент Жаңа Қазақстанды құрамыз деп жатыр. Оған бірлік пен ынтымақтың, ауызбіршіліктің нәтижесінде жетеміз. Қариялардың ақылымен жүру де бір бақыт. Еліміз аман болсын. Жеңіс күні құтты болсын,- деді ол.

Ал  ауыл азаматы, ұстаз Темірғали Зейнуллинің айтуынша, соғыстан қайтқандарды сол кезде бала болып жүрген ұрпақтар жақсы біледі.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ақсақ, шолақ, соқыр ардагер көп болды. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Заман да бұрынғыдай емес. Бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталады. Ұлы отан соғысы адам өмірін қисапсыз есепке ұшыратқан өлімімен мәңгі есте қалды. Соғыс арифметикасы -қаралы. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаның рухы мен патриоттығының жоғарылығының нәтижесінде келіп отыр. Осы тақтада тізілген батырлардың ұрпақтары өз ұрпағына олардың еңбегі мен ерлігін айтып жүрсін,- деді ол.

Ескерткіш тақтаның ашылуына белсенді атсалысқан ел азаматы - Құттымбет Шәріпов.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Бізден кейінгі ұрпақ соғысқа үлес қосқандарды ұмытып қалады. Қазір оларды көрген аталардың көзі тірісінде соғысқа үлес қосқандарды түгендеп, ескерткіш тақтаны ашуды жөн көрдік. Ауқымды жұмыс істелді. Барлық ел болып бұл ескеиткішті ашуға қатысты. Бірліктің арқасында тұрғызылып отыр. Еліміз өркендей берсін,- деді Құттымбет Шәріпов.

Мектептегі патриоттық

Шәймерден Қосшығұлұлы атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Ақмарал Тұржанова мектеп оқушылары іс-шараға белсенді қатысып, мерекелік концерт ұйымдастырғанын айтты.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Мектеп оқушылары үшін мұндай шараға қатысып, ел азаматтарының бірлігіне куә болу өте маңызды. Бұл елге деген патриоттылықты арттырып, ортамызла жоқ азаматтардың рухын құрметтеуге тәрбиелейді. Мектеп оқушылары ауылымызда болып жатқан барлық игі іс,-шараға белсенді қатысады, - деді Тұржанова.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Ескерткіш тақтаның ашылуы мен Жеңіс күніне орай мектеп оқушылары мен ұжымы концерт ұйымдастырды.

Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды
Өзгелердің жаңалығы