Отандық өндірушілер халықты етпен 85%-ға қамтамасыз етіп отыр

16 Наурыз 2020, 12:33
1636
Бөлісу:
Отандық өндірушілер халықты етпен 85%-ға қамтамасыз етіп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің ет өндірушілері халықты етпен 85%-ға қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

Жалпы, ет бойынша қамтамасыз ету көлемі 85 пайызды құрады. Бұл ретте "қызыл ет" (сиыр еті, қой еті, жылқы еті және шошқа еті) бойынша импорт үлесі жалпы тұтыну көлемінің 5 пайызынан аспайды. Өңдеуге тек мұздатылған ет қана әкелінеді. Құс еті бұған кірмейді, ол бойынша ішкі тұтынудағы импорт үлесі 44,7 пайызды құрайды. Атап айтқанда, ФАО (БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) сынаптамасы бойынша тұтыным 80 пайызға отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілген жағдайда ғана азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, - деді Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, 2019 жылы ет өндіру көлемі  5,8 пайызға ұлғайып, 1,1 млн тоннаны құраған. 

Ет өндірісінің ұлғаюы ауыл шаруашылығы жануарлары санының өсуіне байланысты болды. Соңғы 5 жылда ірі қара мал басы 23,3 пайызға өсіп, 7,4 млн басты құрады, ұсақ мал 6,6 пайызға артып, 19,1 млн басты құраса, жылқы 45,8 пайызға артып, 2,8 млн басты құрады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы