Ақтөбе облысында бұрынғы ауыл әкімі өлі табылды

Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

 gov.kz Бүгiн 2026, 15:34
Бүгiн 2026, 15:34
229
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өз үйінен өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған факті бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, кеше Қуанышбек Серікжанов өз өтініші негізінде қызметінен босатылған.

Өңірлік полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Тергеу мүддесіне байланысты ведомство өзге ақпаратты жарияламады.

Кеңқияқ ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Қуанышбек Серікжанов 1983 жылғы 20 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Тұран Әлем Банкі» АҚ Ақтөбе филиалында несие беру бөлімінің маманы болып бастаған. Кейін басқа да қаржы ұйымдарында жұмыс істеген. 2014 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болған.

2023 жылғы 15 қазаннан бастап Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті сотталды

 

Наверх