Бүгін Өскемен қаласындағы Тимирязев көшесінде орналасқан төрт қабатты жатақханадан өрт шығып, 68 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ .
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ғимараттың бірінші қабатында орын алып, шамамен 5 шаршы метр аумақтағы жиһаз отқа оранған.
Құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, жалынның таралуына жол бермеді. Алайда қалың түтіннің салдарынан жоғарғы қабаттардағы тұрғындарға қауіп төнген.
Қауіпсіздік мақсатында жатақханадан 68 адам, оның ішінде 19 бала эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр.