Өскеменде жарылыстан кейін ауада қауіпті заттар анықталды

Өскемендегі жарылыстан кейін ауада зиянды заттардың шекті мөлшерден асқаны тіркелді .

Бүгiн 2026, 15:40
АВТОР
 ТЖМ Бүгiн 2026, 15:40
Бүгiн 2026, 15:40
141
Фото: ТЖМ

Өскемендегі «Қазцинк» зауытында болған жарылыстан кейін ауа сапасына жүргізілген тексеріс нәтижесінде кейбір нүктелерде зиянды заттардың шекті мөлшерден асқаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жарылыс қашан болды?

2026 жылғы 5 мамыр күні сағат 08:30-да Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша «Қазгидромет» филиалына Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауыты аумағында шаң ұстау құрылғысында хлопок болып, кейін жану мен ішінара опырылу болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Осыдан кейін мамандар жедел түрде оқиға орнына барып, атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізді.

Қай жерлерде тексеріс жүргізілді?

Ауа сынамалары мына нүктелерде алынды:

  • кәсіпорынға жақын тұрғын аймақта;
  • санитарлық-қорғау аймағының шекарасында;
  • жел бағытымен таралатын аймақта.

Метеорологиялық жағдай: жел жылдамдығы – 2 м/с, солтүстік және солтүстік-шығыс бағытта, ауа температурасы – 22,7°С.

Қандай заттар тексерілді?

Сынамалар қолмен іріктеу әдісі арқылы келесі зиянды заттарға алынды:

  • күкірт қышқылы,
  • күкіртсутек,
  • күкірт диоксиді,
  • хлорлы сутек,
  • азот диоксиді,
  • азот оксиді,
  • қалқымалы бөлшектер.

Сонымен қатар, Aeroqual Series 500 портативті газ анализаторы арқылы PM2.5, PM10, күкірт диоксиді, азот диоксиді, күкіртсутек және көміртек оксиді деңгейі өлшенді.

Нәтижелер қандай?

Тексеру нәтижесінде:

  • Белинский көшесі, 3 мекенжайында хлорлы сутек бойынша 1,8 ПДК (шекті рұқсат етілген мөлшер) асқаны тіркелді;
  • Асқар Тау көшесі, 11 мекенжайында күкіртсутек – 1,7 ПДК және көміртек оксиді – 3,6 ПДК деңгейінде асқаны анықталды;
  • Широкая көшесі, 16 мекенжайында тікелей өлшеу әдісі бойынша асқаны тіркелмеген.

Еске сала кетейік, Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі түрлі жарақат алғанын бұған дейін хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.

Өскемендегі «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген. 

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Өскемендегі «Казцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Жарылыстан кейін "Казцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті 

Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма? 

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел желі іске қосылды

Наверх