Өскеменде қоғамдық көліктер тексеріледі

22 Ақпан 2023, 19:31
1134
Бөлісу:
Өскеменде қоғамдық көліктер тексеріледі

Өскеменде 20 ақпанда «Қауіпсіз жол» жедел шарасы басталды. Іс-шара 24 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері осы уақыт аралығында қаладағы қоғамдық көліктерді де тексереді. Бұл туралы Altaynews жазды.

Жалпы іс-шараның мақсаты жол апаттарының алдын-алу, қауіпсіздікті арттыру және қозғалыс ережелерінің сақталуын қадағалау.

Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері іс-шара аясында автобустардың техникалық жағдайын, жабдықтардың түгелдігін, құжаттаманың дұрыс-бұрыстығын, техникалық регламенттерде және ұлттық стандарттарда белгіленген нормалардың сақталуын қадағалайды. 

Сондай-ақ олар облыстық экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп соңғы автобус аялдамаларында рейд жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы