Өскеменде алапат өрт болды

20 Сәуір 2024, 02:21
366
Бөлісу:
Өскеменде алапат өрт болды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өскемен қаласында дүкен өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, өрттің аумағы 290 шаршы метрді құраған.

Абай даңғылында сауда үйінің шатыры жануда. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімдері күштер мен құралдарды жұмылдыруда. Өрт сағат 22:43-те жойылды. Өрттің аумағы 290 шаршы метр, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрттің алдын-ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы екендігі аталып өтілді.

Өзгелердің жаңалығы