Өскемен тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданып қалды

14 Желтоқсан 2022, 18:24
836
Бөлісу:
Өскемен тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданып қалды

Өскемен тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

24 жастағы Өскемен тұрғыны қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімінің “102” арнасына өтініш білдірген. Оның айтуынша, бейтаныс адам емтихан тапсырусыз автокөлікті басқаруға құжатты тез алуға көмек ұсынған. Ықтимал көмекшінің жұмысы үшін жәбірленуші оған 700 мың теңге төлеген. 

Осыдан кейін алаяқ байланысқа шығуды тоқтатқан. Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қаскүнемге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы