Өскелең ұрпақ өткеннен тағылым алуға тиіс - Смайылов

9 Мамыр 2023, 11:30
706
Бөлісу:
Өскелең ұрпақ өткеннен тағылым алуға тиіс - Смайылов

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – біз үшін аса маңызды әрі айтулы күн. Жер бетіне бейбіт өмір сыйлаған қастерлі күннің жыл сайын тарих қойнауына тереңдеп бара жатқанына қарамастан, сол сұрапыл соғыстағы жеңістің тарихи маңызын біз ешқашан ұмытпаймыз. 

Өкінішке қарай, қан майданда көзсіз қаһармандықтың үлгісін көрсеткен аға буын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Олардың жанқиярлық ерліктерін мереке күндері ғана емес, ұдайы ел жадында ұстаған абзал. Өскелең ұрпақ өткеннен тағылым алуға тиіс. Ал мемлекет ардагерлерді қолдау үшін қолдан келгенінің бәрін жасамақ.

 Әр кезеңнің өз сабағы бар, алайда кейінгі ұрпақ қайғы мен қасіреттің не екенін білмесін. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерліктеріне тағзым етемін! Еліміз әрі қарай өркендей берсін, әр отбасыға бейбіт өмір және амандық тілеймін!,  - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы